30.10.2023, 11:00

Жамбыл облысында есірткімен айналысатын топ ұсталды

Фото: ҰҚК

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшердегі есірткі тасымалдау, сатумен айналысты деген күдікті топ қатысушылары әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы

2023 жылы қазанда Қордай, Меркі және Шу аудандарында 36 кг гашиш және 12 кг марихуана сатпақ болған кезінде Қазақстанның 3 азаматы ұсталды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.