$ 444.14  477.05  4.85

Серік Ахметов: «АрселорМиттал Теміртау» халықаралық деңгейде жауапкершілікке тартылуы керек

«Мемлекет халықаралық қауымдастықтың назарын аударуы керек деп ойлаймын», - деді Серік Ахметов.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Мемлекет «АрселорМиттал Теміртау» қожайындары мен басшылығын жауапкершілікке тарту үшін халықаралық қауымдастықтың назарын аударуы керек. Бұл туралы Қазақстанның бұрынғы Үкімет басшысы Серік Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол  "Очаг смерти" деректі фильмінде Костенко шахтасындағы апатқа қатысты пікір білдірген. Айтуынша,  «АрселорМиттал Теміртау» халықаралық деңгейде жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Менің ойымша, "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы қатаң жазаға, қатаң жауапкершілікке тартылуы керек. 10 жыл ішінде қаншама қайғылы оқиға болып, адамдар қаза тапты, қаншама отбасы зардап шекті. Бұл жердегі жауапкершілік өте зор.

"АрселорМиттал Теміртау" тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде жауапкершілікке тартылуға тиіс. Өнеркәсіп пен техника қауіпсіздігіне қомақты қаражат бөлінбеуі салдарынан қылмыстық немқұрайлылыққа жол берілді және бұл жылдар бойы жалғасты.

"АрселорМиттал Теміртау" қожайындары мен басшылығын жауапкершілікке, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін мемлекет халықаралық қауымдастықтың назарын аударуы керек деп ойлаймын, - деді Серік Ахметов.

Сонымен қатар деректі фильмде "АрселорМиттал Теміртау" нысандарындағы апаттың көп болуының себептері де айтылды.

Айта кетейік, 28 қазан күні түнде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Соңғы ақпарат бойынша, апат салдарынан 45 адам опат болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары