30.10.2023, 16:00

Астаналықтар жарықсыз қалды: апаттың себебі аталды

Фото: stan.kz

Медициналық мекемелердегі қызметке қауіп төнген жоқ.

Астана әкімдігі кеше кешке болған жарықтың жаппай сөнуіне түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кеше сағат 21.57-де қалалық 10 қосалқы станция істен шықты. Салдарынан қаланың негізінен оң жағалауындағы тұрғын үйлер жарықсыз қалды. Әрі қарай сағат 23.00-әуежай қосалқы станциялар іске қосылды. Сағат 23.10-да Бәйтерек қосалқы станциясы іске қосылды. Түнгі сағат 2.00-ге дейін барлық қосалқы станциялар жұмыс істеп тұрды, - деді Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2-ші станциясында технологиялық бұзушылық болған жоқ. ЖЭО-2 штаттық режимде жұмысын жалғастырды және жалғастырып жатыр.

Төтенше жағдай жетекші желілерде болды. Апатқа себеп – кабельдің үзілуі және шкафтардың бірінің өртенуі. Бұл штаттан тыс жағдай болды, түнгі сағат 2-де барлық абонент электр қуатымен қамтамасыз етілді. 2 сағат бойы қаланың оң жағалауындағы кейбір әлеуметтік нысандарда жарықсыз қалды. Барлық медициналық нысан бойынша дизель-генераторлар іске қосылып, уақытша жарық берілді. Төтенше жағдай кезінде дизель реанимацияны және операциялық блоктарды қамтамасыз етті. Медициналық мекемелердегі қызметке қауіп төнген жоқ, - дейді ол.