$ 443.44  480.51  4.88

Атырауда топырақты заңсыз сатушыға 850 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Рұқсатты беру үшін «Морское» кен орнындағы гидротехникалық құрылыстардың үйіндісін қалпына келтіру туралы мердігерлік шарт негіз болған. 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы 2021-2022 жылдары 88 542 м³ топырақты заңсыз сатқандарды анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық прокуратурасының хабарлауынша, «Нұрманияз-Атырау» ЖШС-ның кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсатты пайдалана отырып,  88 542 м³ топырақты заңсыз сатқан.

Рұқсатты беру үшін «Морское» кен орнындағы гидротехникалық құрылыстардың үйіндісін қалпына келтіру туралы мердігерлік шарт негіз болған. Алайда шартта топырақты өзге мақсатта сату көзделмеген.

Облыс әкімдігіне енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің нәтижелері бойынша «Нұрманияз-Атырау» ЖШС-дан бұрын берілген рұқсат қайтарып алынды.

Аталған факт бойынша «Нұрманияз-Атырау» ЖШС-дан сотпен 851 млн теңге мемлекетке келтірілген залал өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Өз кезегінде, прокуратура «жер қойнауы ресурстарына, оның ішінде өңірдің экологиясына зиян келтіргені үшін жауаптылықтың сөзсіз болатынын» ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары