$ 494.87  520.65  4.91

Ayree болашақ сүйіктісінің қандай болуы керектігін айтты

Әнші арқа сүйер азаматының пайдалы адам болғанын қалайды.

Фото: instagram.com\ayreeofficial
Фото: instagram.com\ayreeofficial

Белгілі әнші Ayree арқа сүйер азаматын жолықтырмағанын айтты, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында болашақ сүйіктісіне қояр талаптары жайлы айтып өтті.

Бастысы жақсы адам болса болды деп айта алмаймын. Мен өзім 24/7 жұмыс істейтін адаммын. Сол себепті ғашығыммен ортақ әңгімеміз, ортақ қызығушылығымыз болғанын қалаймын. Маған да, үкіметке де, халыққа да пайдалы адам болса деймін. Мемлекетке қызмет еткенін қалаймын, - деді Ayree.

Динара Сәтжан жүрегі бос әртіске танымал бойдақтардың тізімін ұсынып, кіммен жақсы жарасатынын фотошоп арқылы көрсетуге тырысты.

Тележүргізуші ұсынған бойдақтар арасында блогер Бейбіт Әлібеков, әнші Әлішер Кәрімов, Әмре, Садраддин Болат, Тұрар Ыдырыс болды.

Әнші өнердегі жігіттерге асқан сыйластықпен қарайтынын айтып, алайда, олардың ішінен ешкімді таңдамаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары