30.10.2023, 18:20

«Ирина Кайратовна» мобилографының өлімі: Астана полициясы іс қозғады

Фото: Instagram/irinakairatovna

Сараптамалар әлі дайын емес

«Ирина Кайратовна» тобының мобилографы Шахназ Жылқайдаровтың өлімі бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мобилографтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бүгінде қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сараптамалар әлі дайын емес. Аталған факті бойынша «адамның өлімі» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ елорда полициясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты және өзге де деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтындығын ескертті.