$ 447.4  477.55  4.76

СҚО-ның жаңа тағайындалған әкімі түннің жарымына дейін аудан әкімдерін қабылдады

Солтүстік Қазақстан облысына кеше түстен кейін тағайындалған жаңа әкім Құмар Ақсақалов түннің жарымына дейін 13 ауданның әкімін кезегімен қабылдап шықты. Аудан басшылары 2016 жылы атқарған жұмыстарына есеп беріп, обыс әкімін жоспарларымен таныстырды.

Ақсақалов болса жергілікті халық атқарылып жатқан жұмыстарды күнделікті тұрмыста сезінуі керектігін айтып отыр. Яғни, жоспарлар мен атқарылған жұмыстардың есебі тек қағаз бетінде емес, іс жүзінде көрінуі керек дейді ол.

«Ойлануға уақыт жоқ. Дәл қазірден бастап әрекетке көшу керек. Айналамызды және өзімізді өзгертуіміз қажет», - деді жаңадан тағайындалған облыс әкімі.

Ақсақаловтың пікірінше, әрбір шенеунік өз жұмысында заманауи трендтер мен бастамаларды қолдануы тиіс.

«Мемқызметкер міндетті түрде өзін өзі дамыту, жетілдіруі қажет, ескі көзқарастардан бас тартып, заманауи үрдістерден қалып қоймауы керек. Қазіргі жаңа заман бізден проблемаларды инновациялық жолмен шешуді талап етіп отыр. Бұл тұрғыда ең озық әлемдік тәжірибелер мен стандарттарға арқа сүйеуіміз қажет», - деді Ақсақалов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары