$ 474.72  515.17  5.58

ОҚО-да полицейлер жол апатынан қайтыс болған ер азаматтың кім екенін анықтай алмай жатыр

Адам өлімімен аяқталған жол көлік оқиғасы ақпанның 27-не қараған түні Бәйдібек ауданында Самара-Шымкент тас жолында орын алған. Оқиға орнына жеткен полицейлер анықтағандай, сағат 23:30 шамасында Жиенқұм ауылына жақын маңда «Хундай Старекс» микроавтобусы ер азаматты қағып кеткен. Алған дене жарақаттары салдарынан ол оқиға орнында көз жұмыпты.

Арада екі апта өтсе де полицейлер қайтыс болған азаматтың кім екенін анықтай алмай жатыр. Айтуларынша, ол еуропалық ұлттардың біріне жатады, жас шамасы 30-35-те, бойы шамамен 165-170 см., қара шашты, қыр мұрынды, орта денелі. Үстінде қара куртка, көк түсті джинсы шалбар, қара жемпір, аяғында қара туфли болған.

Егер осы жайт бойынша қандай да бір ақпарат білген жандар Бәйдібек аудандық ІІБ-не мына телефондар арқылы хабарласса болады: 8-725-48-2-10-76, 8-725-48-2-19-02, 8-725-48-2-19-81, 8-702-501-25-00, 8-705-361-23-89, 8-775-510-87-77 немесе «102».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары