31.10.2023, 09:40

Елорда полицейлері қауіпсіздікті күшейтіп жатыр

Фото: police__astana

Полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністіктік танытуды сұрайды.

Астанада полицейлер күшейтілген режимде қызмет етуге көшті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астанада алдағы уақытта шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін ірі қоғамдық-саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін қалалық полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет нұсқасына көшті.

Бүгіннен, яғни 31 қазан сағат 08:00-ден бастап қаланың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалаларының, сонымен қатар Қорғалжын, Астархан кенттерінен, халықаралық әуежайдан қалаға келетін жолдарға 7 блокпост қойылды. Бұл шара азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеруге бағытталады, - делінген хабарламада.

Елорда полициясы қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шара мен келтірілген қолайсыздықтарға түсіністіктік танытуды сұрайды.