$ 494.87  520.65  4.91

Бұрынғы мәжіліс депутаты Әлтаев Мырзахметовтен 50 млн теңге пара алды деп айыпталуда

Қылмыстық іс 15 томнан тұрады, іс бойынша 18 куәгер өтуде.

Фото: atameken.kz
Фото: atameken.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, 2023 жылғы 31 қазанда Нұржан Әлтаевқа (экс-вице-министр) қатысты іс бойынша алдын ала тыңдалым басталды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оған аса ірі мөлшерде ақша түрінде пара алды деген айып тағылды (ҚК 366-бабының 4-бөлігі).

Н. Әлтаев 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Атамекен» ҰКП мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы А. Мырзахметовтен пара ретінде жалпы сомасы 50 млн. теңгеден астам (115 мың АҚШ доллары және 8 млн. 150 мың теңге) ақшалай қаражат алды деп айыпталуда.

Қылмыстық іс 15 томнан тұрады, іс бойынша 18 куәгер өтуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары