Бірер күн бұрын Қазақстанда халық Лакшми Митталды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петицияға қол жинау бастаған еді.
Қазақстанда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының атауын қолданбайтын болды. Бұл хабарды Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Министрдің айтуынша, компания мемлекет меншігіне өткеннен кейін оның атауы өзгереді.
Арселор компаниясының қазақстандық кәсіпорынның акционерлерінен шығуына байланысты біздің бұл атауды пайдалануға құқығымыз жоқ, - деді журналистердің сауалына жауап берген министр.
Еске салсақ, бірер күн бұрын Қазақстанда халық Лакшми Митталды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петицияға қол жинау бастаған еді. Ал бүгін Үкімет отырысында Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын Қазақстанның пайдасына беру рәсімдері аяқталу сатысында» деп мәлімдеді.