Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы шахтасында болған оқиғаларды тергеуді жалғастыруда. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Бас прокуратураның ресми мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Жергілікті орында үйлестіруді Бас Прокурордың бірінші орынбасары жүзеге асыруда.
Газ-метан қоспасының жарылуының себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында шахтаға түсу арқылы оқиға орнын алғашқы тексеру жүргізілді.
Ауысым қызметкерлерінен, «АМТ» Көмір департаментінің басшылары мен жауапты қызметкерлерінен жауап алынды.
Бірқатар сот сараптамалары, оның ішінде жарылыс-техникалық, биологиялық, геномдық-молекулалық және т.б. тағайындалды.
Кеншілер еңбегінің қорғалуының материалдық қамтамасыз етілу талаптарына сәйкестігін тексеру және қорытынды беру үшін мемлекеттік аудит мамандары мен басқа да сарапшылар тартылды. Шахтада жұмыстарды ұйымдастыруға және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге арналған құжаттамар алынып, талдануда. Өзге де қажетті іс-шаралар өткізілуде. Кінәлі тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады. Зардап шеккендер мен туыстарының қатысуымен өткізілетін тергеу әрекеттері олардың денсаулық жағдайы және жерлеу рәсімдерін өткізу қажеттілігін ескере отырып жүргізілетін болады.Тергеу жалғасуда. Қылмыстық іс Бас Прокурордың бақылауында, - делінген ресми хабарламада.
Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.