Ол жемқорлық әрекеті үшін жазаланды.
Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен "ӨзенМұнайГаз" АҚ №2 ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасының кәсіподақ төрағасы Қ. Мамаевқа қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол «Өзенмұнайгаз» АҚ №2 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасының көлік жүргізушісін қызметтен босатпай, слесарь қызметіне ауыстыру үшін лауазымды адамдарға ақша беремін деген желеумен 1,5 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Шамұрайт Шаменов.
Сот шешімімен, Қ. Мамаевқа 1,5 млн. теңге көлемінде пара беруге және алаяқтық жасауға итермелегені үшін 30 млн теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Ол мемлекеттік қызметте, судьяда, жергілікті өзін-өзі басқару лауазымдарын атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.