$ 494.87  520.65  4.91

ҰЭМ тұтынушылар жылуды қалай үнемдеу керектігін айтты

Алматы қаласындағы жылуды есепке алу аспаптарына тексеру жүргізу керек. 

Фото: Ұлтттық экономика министрлігі
Фото: Ұлтттық экономика министрлігі

Жылыту кезеңінің басталуымен ҚР ҰЭМ ТМРК жыл сайын ел тұрғындарына жылуды қалай үнемдеу керектігі туралы нұсқау береді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ағымдағы жылыту кезеңінде де жылдағыдай, ақшалай қаражатты үнемдеу мақсатында, тұтынушыларға үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнату қажет екенін еске саламыз.

Осылайша, жылу энергиясын есепке алудың бірдей үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабы болған кезде, жылу үшін төлем мөлшері ай сайынғы көрсеткіш пен бекітілген тариф негізінде айқындалады.

Үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған кезде, жылу үшін төлемақы мөлшері жергілікті атқарушы орган бекітетін есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтеріне  тұтыну нормасын және тарифтік реттеуші бекіткен тарифті негізге ала отырып, есептік жолмен айқындалады. Бұл ретте, мұнда жылуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға арналған тариф қолданылады, ол есепке алу аспаптары бар тұтынушыларға қарағанда жоғары.

Бүгінгі күні астанада және республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен жабдықталу 27,3%-дан 100%-ға дейін (мысалы, Астана қаласында («Астана-Теплотранзит» АҚ) - 99,5%, Алматы қаласында («Алматы жылу желілері» ЖШС) - 98%).

2023 жылы «Астана Теплотранзит» АҚ-ның деректері бойынша Астана қаласындағы тұрғын үйлерде орнатылған 970 үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабына тексеру жүргізу талап етілді, алайда 99 жылу энергиясын есепке алу аспабы тексеруден өтпеді және тиісінше тексеру мерзімі аяқталды.

«Алматы жылу желілері» ЖШС-ның деректері бойынша Алматыда 293 үйге ортақ  жылу энергиясын есепке алу аспабына тексеру жүргізу талап етілді, алайда 65 жылу энергиясын есепке алу аспабы тексеруден өтпеді және тиісінше тексеру мерзімі аяқталды.

Осыған байланысты, есепке алу аспаптарын тексеру мерзімі өткен тұрғын үйлерде төлем табиғи монополиялар туралы заңнаманың нормаларына сәйкес бекітілген тұтыну нормасы бойынша (жергілікті атқарушы органдар бекітеді) жүргізілді, бұл үйге ортақ есепке алу аспаптарының ай сайынғы көрсеткіштері негізге алына отырып жүргізілген төлеммен салыстырғанда жоғары.

Сондай-ақ, 2024 жылы Астана қаласының тұрғын үйлерінде орнатылған тағы 971 жылуды есепке алу аспаптарына және Алматы қаласындағы 1217 жылуды есепке алу  аспаптарына тексеру жүргізу қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары