Е.Рыбакина 3 қараша күні таңға жуық А.Соболенкомен шеберлік таластырады. Егер оны жеңген жағдайда жартылай финалға жолдама алады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тарихта алғаш рет Канкунда өткен WTA финалдық турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық теннисші 1 қараша күні таңертең WTA финалының екінші кездесуінде грекиялық Мария Саккариді ұтты. Кездесуде Қазақстанның споршысы 6:0, 6:7 (4), 7:6 есебімен жеңіске жетті.
Енді Елена Рыбакина мен Арина Сабаленко соңғы турда Bacalar тобындағы екінші жолдаманы сарапқа салады.
Бакалар тобында сынға түсіп жатқан Е.Рыбакина алғашқы бәсекесінде әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегулаға есе жіберген. Д.Пегула содан кейін әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, өз тобында көш бастаған америкалық спортшының есебінде 2 жеңіс бар.
Е.Рыбакина 3 қараша күні таңға жуық А.Соболенкомен шеберлік таластырады. Егер оны жеңген жағдайда жартылай финалға жолдама алады.