Заңсыз айналымнан 300 кг-ға жуық есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ «синтетика» жасауға арналған 1 тоннадан астам химиялық прекурсорлар тәркіленді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі синтетикалық есірткіні жасаумен және каннабис өсірумен айналысқан фитолабораторияны анықтады. Нәтижесінде 23 адамды ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
ҰҚК-нің қызметкерлері 2023 жылғы қазанда есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы операцияларды іске асырды.
Синтетикалық есірткінің 5 қолдан жасалған өндірісінің және 1 каннабис өсіруге арналған фитолабораторияның заңсыз қызметі бейтараптандырылды.
Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткі трафигінің 6 арнасы жойылды. Арнайы операциялар барысында 23 күдікті ұсталды, – делінген ресми ақпаратта.
Заңсыз айналымнан 300 кг-ға жуық есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ «синтетика» жасауға арналған 1 тоннадан астам химиялық прекурсорлар тәркіленді.