$ 446.49  475.38  4.79

Астана әкімдігі салынып жатқан проблемалық тұрғынүйлердің санын азайтты

Қазіргі уақытта ведомствоаралық комиссияның (ВАК) бақылауына 53 нысан алынған, оның 38-ін айрықша проблемалық деп атауға болады, олар бойынша құрылыс жүргізушілер тартылған қаражатты мақсатына сай жұмсамаған немесе жымқырған деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты.

Азаматтық-құқықтық келісімшарттар жасалғанын ескергенде, аталған нысандардың құрылысын бюджет қаржысы есебінен аяқтау қарастырылып отырған жоқ.

Астана қаласының әкімдігі халықты және құрылыс компанияларын «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның бұзылуына жол бермеу туралы бірнеше рет ескерткен. Барлық құрылыс салушыларға бұл туралы жазбаша хабарламалар жіберіліп, олар Заң бұзбау туралы кепілдік міндеттемелер алды.

Бүгінгі күні инвесторлардың (үлескерлердің) қаржысын жымқыру және басқа мақсаттарға жұмсау фактілері бойынша келесі құрылыс компаниялардың басшылары сотталып, үкім шығарылды: Байжұманов  А. - «Төленді» ТҚК төрағасы; «Азбука жилья» компаниялар тобының басшылары (10 адам) - Оспанова, Жәкішев, Жұмаханов, Носуленко, Молдахметов, Умаров Е., Умаров  М., Омаров, Нұрсейітова, Мирошниченко; Шнайдер, Багаева және Саидова – «Хазрет» ТК. Тойымбетова Б.К. - Альбаракат ЖШС ; Дмитриенко Д. – «Гранитный» ТК; Алимбетов М. «Қыпшак» Какаду ТК; Бектемиров М., Садвакасов С. -  «Араби» ТК; Жағыпаров М. және Шакиров Б. - «Арыстан» ТК; Манашов – «Асуа 2006». 

Сонымен қатар, «Алга Тоқболат» ЖШС-інің Е. Альжанға, «Инжен.сервисКомпания» ЖШС-інің К.Н.  Жұбатқановқа, «Алтын Сапа» ЖШС Д.К. Ахмедьяровқа, «ОралДизайнСтройСервис» ЖШС-інің К.Х. Жұмабековқа қатысты қылмыстық істер аяқталу кезеңінде.

Келісімшарттардың азаматтық-құқықтық сипатқа ие екенін ескере отырып, барлық проблемалық нысандар бойынша Тұрғын үй-құрылыс кооперативтері арқылы құрылысты аяқтау тетіктері пысықталды. Нысанның құрылысын аяқтау үшін бітпеген нысан немесе жер телімі тәркіленіп, жаңа құрылыс компаниясы тартылды.

ВАК ұсыныстары бойынша «Азбука жилья» компаниялар тобының бір нысаны бойынша «Экспо Таун Успех» ТҚК құрылды. ТҚК-іне бос жер телімін сот тәртібімен тәркілеу және рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу бойынша қолдау көрсетілді. Қазіргі уақытта нысанның бірінші және екінші кезектерінің құрылысы басталды.

Жағдай ВАК бақылауына алынған, оның нәтижесі алданып қалған азаматтардың өзара келісілген әрекеттеріне байланысты болмақ.

Осылайша, ВАК жұмысының қорытындысы бойынша, соңғы бір жылда проблемалық нысандардың саны 67-ден 53-ке дейін азайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары