$ 480.55  533.75  5.36

Елімізде күн қайта суытады

Синоптиктер 2017 жылғы 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстанның ауа райын алдағы үш тәулікте ауқымды антициклондар анықтайды. Сондықтан, көптеген облыста  синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз, салқын және түнде, таңғы уақыттарда тұман болады деп болжанды", дейді синоптиктер.

Мамандардың айтуынша, температураның төмендеуі Сібір ауа массаларының келуіне байланысты, сондықтан   температура да көпжылдық орташа мәннен 2-6 градусқа төмен болады деп күтіледі екен. Тек республикамыздың  батысында температура нормаға жуық болады.

"Алдағы үш күнде астанамызда жауын шашынсыз. Жел 5-10 м/с болады. Ауаның температурасы түнде -14-18°С, күндіз -5-8°С. 16 наурызда түнде және таңғы уақытта тұман болады. Жақын күндері Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман болады. Желдің күші - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4°С аяз, күндіз +3+6°С жылы болады", - деп болжады "Қазгидромет" РМК мамандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары