Франция президентінің айтуынша, екі мемлекет арасында жоғары білім беру саласында да байланысты арттыру қажет.
Қазақ мектептерінде франуцуз тілін қайта оқыту өте маңызды. Бұл туралы бүгін Франция президенті Эмманюэль Макрон Ақордада өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Мен мәдени байланыстың нығайғанын қалаймын. Біз қарым-қатынасымызды осы қырынан дамытқымыз келеді... Мысалы, бізге қазақ мектептеріне француз тілін оқытудың қайта оралуы өте маңызды. Жағдайды өзгерту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз. Біздің білім беру ұйымдары арасында қол қойылған үкіметаралық келісімге көп үміт ортамыз, – деді ол.
Франция президентінің айтуынша, екі мемлекет арасында жоғары білім беру саласында да байланысты арттыру қажет.
2024 жылғы қыркүйектен бастап Француз-қазақ университеті жұмысын бастайды. Студенттік байланыстың да дамуы, біздің студенттерге арналған стипендияның болуы өте маңызды. Сондай-ақ сіздің Парижде Қазақстанның мәдени мұрасына арналған көрме өткізу туралы бастамаңызды қолдаймыз. Гиме музейінің төрағасы менімен бірге келді. Келесі жылы біз көрмені өткізу жағын талқылап жатырмыз, – деді Макрон.