АМТ директоры апаттың себебін анықтау үшін ішкі тергеу басталатынын және "оның қайталану ықтималдығын азайту үшін" қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.
Костенко атындағы шахтада қаза тапқандардың толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
METALLURGy today басылымы қаза тапқан кеншілердің толық тізімін жариялады:
Виктор Викторович Гафиулов екеуміз мезгілсіз өмірден өткен әріптестеріміздің туған-туыстары мен жақындарына жолығып,көңіл айтып, бастан кешкен қиыншылықтарда толық материалдық және психологиялық қолдау көрсетілетінін жеткіздік. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонски
Оның айтуынша, 24 адам зардап шеккен, оларға ауруханаларда барлық медициналық көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр.
Апат кезінде шахтада 252 адам болған. Біз сол кезде шахтада жұмыс істегендердің бәріне қажетті психикалық қолдауды қамтамасыз етеміз. Компания қазір қайғылы оқиғаны тергеуді бастаған мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс жасап жатыр. Владимир Яблонски
АМТ директоры апаттың себебін анықтау үшін ішкі тергеу басталатынын және "оның қайталану ықтималдығын азайту үшін" қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.
Біз жұмыс үрдістерінің және тәртібінің қауіпсіздігін көтеру үшін үздіксіз жұмыс істеп жатырмыз, бірақ бұл апат біздің әлі де атқарылатын істер көп екенін көрсететін зарлы сабақ болды. Біз бұл бағыттағы жұмысымызды дереу жеделдетуіміз керек. Владимир Яблонски