$ 439.43  473.31  4.82

«Астана» футбол клубының логотипі ауысты

Елордалық клуб 2014-2019 жылдар аралығында қолданған логотипке қайта оралды. 

Фото: instagram.com fca.astana
Фото: instagram.com fca.astana

«Астана» футбол клубының логотипі ауысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Клубтың әлеуметтік желідегі парақша мәліметінше, елордалық клуб 2014-2019 жылдар аралығында қолданған логотипке қайта оралды.

Тарихқа үңілсек, «Астана» футбол клубының ел біріншілігі мен халықаралық аренадағы басты жеңістері осы логотиппен тығыз байланысты.

Қазақстанның басты футбол бренді – «Астананың» өзіндік бірегей стильді қайта қолданысқа енгізуінің астарында клубтың жарқын жеңістер жолын қайта жаңғыртамыз деген сенімі жатыр.

Бұл логотипті ресми түрде қолдану 2023 жылдың 1 қарашасынан басталады.

Ескерту: «Астана» футбол клубының Конференциялар лигасына қатысуына байланысты, кей жерде бұрынғы логотип уақытша қолданылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары