01.11.2023, 16:20

«Астана» футбол клубының логотипі ауысты

Фото: instagram.com fca.astana

Елордалық клуб 2014-2019 жылдар аралығында қолданған логотипке қайта оралды. 

«Астана» футбол клубының логотипі ауысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Клубтың әлеуметтік желідегі парақша мәліметінше, елордалық клуб 2014-2019 жылдар аралығында қолданған логотипке қайта оралды. Тарихқа үңілсек, «Астана» футбол клубының ел біріншілігі мен халықаралық аренадағы басты жеңістері осы логотиппен тығыз байланысты. Қазақстанның басты футбол бренді – «Астананың» өзіндік бірегей стильді қайта қолданысқа енгізуінің астарында клубтың жарқын жеңістер жолын қайта жаңғыртамыз деген сенімі жатыр. Бұл логотипті ресми түрде қолдану 2023 жылдың 1 қарашасынан басталады. Ескерту: «Астана» футбол клубының Конференциялар лигасына қатысуына байланысты, кей жерде бұрынғы логотип уақытша қолданылатын болады.