Тұмау ауруы профилактикасының ең тиімді әдісі - вакцинациялау.
Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова еліміздегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.
«Ағымдағы жылдың қазан айында республикада ЖРВИ-дың 638 208 жағдайы тіркелді, оның ішінде ЖРВИ-мен ауырғандардың 66%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 27%-ға төмендеді. Соңғы аптада ЖРВИ-мен сырқаттанушылық төмендеп, өткен аптамен салыстырғанда 25,8%-ға төмендеді», - деп атап өтті А.Есмағамбетова.
Республикада жыл сайын тұмау вирусының таралуы қараша айынан басталып, сәуір айының ортасына дейін созылады.
Вице-министрдің мәліметінше, өткен эпидемиологиялық маусымда Республикада ЖРВИ-дің 4 млн 844 мың жағдайы және тұмаудың 3 324 жағдайы тіркелген.
Алдағы эпидемиялық маусымда ДДҰ деректері бойынша вирустың үш штамы өзекті болады - A (H1N1), A (H3N2) және B, олар 2023/2024 эпидемиялық маусымға арналған вакцинаның құрамына кіреді.
Вице-министр хабарлағандай, Денсаулық сақтау министрлігі тұмау мен басқа да тұмауға жатпайтын вирустардың айналымына мониторинг жүргізуде. Маусымның басынан бастап тұмауға 2543 үлгі зерттелді, тұмау вирусы анықталған жоқ. Оң нәтижелердің негізгі үлесі - риновирустар, бокавирустар, МС вирустары, аденовирустар, паратұмау.
Тұмау ауруы профилактикасының ең тиімді әдісі - вакцинациялау. Қауіпсіз және тиімді вакциналар 60 жылдан астам уақыт бойы қол жетімді және қолданылып келеді, деп атап өтті Бас санитариялық дәрігер.
«Ағымдағы жылы бюджет қаражатына Ресей өндірген «ГРИППОЛ +» вакцинасының 2,2 млрд теңге сомасына 2 млн.414 мың доза сатып алынды. Вакцинада алдағы маусымға қарсы штамдар бар. Бұл республиканың жалпы халқының 12%-ын қамтуға мүмкіндік береді, ДДҰ ұсынған жағдайда - кемінде 10%. Бүгінгі таңда 1 млн. 516 мың адам егілді. Мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен халықтың неғұрлым осал топтары вакцинацияланады», - деді А. Есмағмабетова.