$ 494.87  520.65  4.91

Экс-футболшы есірткімен ұсталды

Сараптама жасалғанда әлгі зат метилэфедрон екені анықталды.

Фото: Baza telegram-арнасынан
Фото: Baza telegram-арнасынан

Футболдан Ресей ұлттық құрамасы, Мәскеудің «Торпедо», Том қаласының «Томи» мен «Краснодар» клубының бұрынғы ойыншысы Алексей Бугаев есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Одан жарты келі мефедрон табылды.

Краснодар қаласының милициясы экс-футболшыны 28 қазанда қаланың Калинин көшесінде ұстаған. Тексеру кезінде оның қалтасынан ұнтаққа ұқсас пакет табылған. Сараптама жасалғанда әлгі зат метилэфедрон екені анықталды.

Осыдан кейін 42 жастағы Бугаевқа Қылмыстық кодекстің 228.1 («Есірткіні жасау және оны сату») бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер бұрынғы спортшы кінәсін мойындаса, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазірге кезде ол полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін уақытша қамау изоляторында отыр. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары