Енді қазақстандық жігіттер Мексикамен шеберлік байқасады.
Шағын футболдан Қазақстан командасы плей-оффқа шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
24.kz мәліметінше, Біріккен Араб Әмірліктерінің Рас-эль-Хайма қаласында мини-футболдан әуесқойлар арасындағы әлем біріншілігі өтіп жатыр.
Екі жылда бір келетін дәстүрлі жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысуға мүмкіндік алды.Ұлттық команданың негізін қарағандылық спртшылар құрайды.
Қатарынан үш жыл бойы ел біріншілігінде қарсылас шыдатпаған арқа жігіттері араб жеріндегі алғашқы кездесулерін де сәтті өткізді.
Алдымен Гана құрамасын 7:0 есебімен тізе бүктірсе, артынша Үндістанның да тас-талқанын шығарды. Есеп 16:0. Павел Таку шәкірттеріне тек алаң иелері ғана азуын көрсеткендей болды. Бірақ Қазақстан құрамасы бұл ойында да табандылық танытып 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Енді плей-оф кезеңінде біздің жігіттер Мексикамен шеберлік байқасады.
- Таяу Шығыста тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жарысқа әлемнің 32 елінен командалар қатысып жатыр. Жарысты жоғары деңгейде өткізу үшін бар мүмкіндіктерді қарастырдық. Әлем чемпионаты басталмай тұрып, Қазақстан құрамасы осы жарыстың фавориті саналған. Өйткені бұған дейін сіздің елдің шағын футбол шеберлері көптеген халықаралық турнирлерде үздіктер қатарынан көрінген болатын. Қазір ойынды тамашаладым. Егер осы білгендерінен жаңылмаса топ жаруы да ғажап емес!, деді бүкіләлемдік мини-футбол федерациясының президенті Филип Джуда.