$ 494.87  520.65  4.91

Арыстық оқушы әлемнің 21 университетінен шақырту алды

Шапағат Сейілхан өзінің болашағын халықаралық қатынастар саласымен байланыстырғысы келеді. 

Фото: Отырар басылымы
Фото: Отырар басылымы

Арыс қаласында 11 сынып оқушысы Шапағат Сейілхан әлемнің 21 универсиетінен оқуға шақырту алған. Бұл туралы Отырар басылымы жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Шапағат Сейілхан 10-сыныпта шетелдік оқу орындарына түсуге дайындала бастаған. Еңбегі еш кетпеген оқушы тек тіл үйреніп қоймай, өміріне әсер етер нәтижеге қол жеткізді. Оқушы  21 шетелдік университеттен оқуға шақыру алды.

Ол  6-сыныптан ағылшын тілін оқыған. IELTS сынағына 10-сыныптан бастап әзірленеді. Нәтижесінде жоғары балл иеленеді. Осылайша, ол АҚШ-тағы және әлемнің басқа елдеріндегі жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндігіне ие болды.

Мен екі университеттің – Калифорния  немесе Чикаго университетінің бірін таңдағым келеді. Мысалы, Чикаго университетінің рейтингі тек Америка Құрама Штаттарында ғана емес, бүкіл әлемде жоғары, деді Шапағат Сейілхан.

Оқушыға шетелдік университетке түсуге арналған дұрыс құрастырылған мотивациялық хат көмектесті. Түлек жоғары білім алу мәселесіне ерекше жауапкершілікпен қараған.

Мотивациялық хатта тұлғамды немесе өмірімді өзгерткен жағдайды сипаттау керек еді. Бұл ерекше жағдай туралы өте жақсы жаздым деп ойлаймын. Меніңше, бұл хат мені 21 университет шақыруына себеп болды, - деді оқушы.

Болашақта Шапағат Сейілхан өзінің болашағын халықаралық қатынастар саласымен байланыстырғысы келеді. Ол шет елде білім алып, елші ретінде еліне қызмет етуді армандайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары