$ 441.66  475.14  4.86

Қазақ теннисшісі сенсация жасады

Қарсыластың айқын басымдылығына қарамастан, Құламбаева Польшадан келген қарсыласын жеңіп кетті.

Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz

Қазақстандық Жібек Құламбаева Тунистің Монастирінде өткен жарыстың айқын көшбасшысын ұтып, турнирдің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпараттық порталы.

WTA рейтингінде 518-орында тұрған Жібек Құламбаева Тунистің Монастир қаласындағы кортта жекелей сында Вероника Фальковскаямен (турнир кестесінде 321-орын) кездесті. Қарсыластың айқын басымдылығына қарамастан, Құламбаева Польшадан келген қарсыласын жеңіп кетті.

Ойын нәтижесі 3:6, 7:5, 6:3 болып, біздің теннисші ITF турнирінің 1/8 кезеңіне жолдама алды.

Қазақстан теннисшісінің келесi қарсыласы швейцариялық Сьюзан Бандекки (365-орын) болмақ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары