Бүгінде орта білім беру ұйымдарында тамақты 85 жалға алушы қамтамасыз етеді.
Алматыдағы 206 мектептің асханасына оқушылардың тамақтану сапасын бақылау үшін бейнебақылау орнатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ведомствоаралық сараптама тобы қала мектептерінде тамақтанудың сапасы мен тиімді ұйымдастырылуына мониторинг жүргізеді.
206 мемлекеттік мектептің асханасына камера орнатылған. Қалада барлығы 215 мемлекеттік мектеп бар. Бұл комиссияға кез келген уақытта балаларға арналған тағамдардың қалай дайындалатынын көруге мүмкіндік береді. Бүгінде орта білім беру ұйымдарында тамақты 85 жалға алушы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, соңғы уақытта жергілікті бюджеттен мектеп асханасының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қаражат бөлініп отыр, – деді Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.
Қала әкімінің бастамасымен 2022-2023 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік мектептердің 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Биыл жергілікті бюджет есебінен 20,4 млрд теңге бөлінді. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларды қосқанда, бүгінде 134 мыңнан астам оқушы тегін тамақ ішеді.