Шахтадағы апат салдарынан 46 кеншінің барлығының мәйіті табылды.
Сенатта Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға қатысы бар кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Депутат Сергей Ершов адам өліміне әкеп соқтырған жағдайға кінәлілердің жеңіл жазамен құтылып кете ме деп алаңдаушылық білдірді.
Қоғам Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға кінәлілерді жауапқа тарту қажеттілігі туралы мәселені орынды көтеріп отыр. Мұндай қайғылы оқиғаларға кінәлілер жеңіл жазамен құтылып кетпеуі керек. Қылмыстық заңнама өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді құралына айналуы тиіс, – деді депутат.
Сондай-ақ сенатор Қазақстан Үкіметінің басшысына келешекте мұндай қайғылы жағдайларды жою үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікке тиімді тәсілдің мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.
Еске салсақ, 28 қазанда Костенко шахтасында метан газы жарылған. Салдарынан 46 кеншінің барлығының мәйіті табылып, олардың аты-жөні анықталды.