$ 443.37  474.49  4.83

Сарыағаштық тұрғын 30 шетелдік азаматты шекарадан заңсыз өткізіп, ақша алған

Тінту кезінде күдіктіден 2,5 миллион теңгеге жуық ақша, 2 телефон мен құжаттар тәркіленді.
 

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Сарыағашта заңсыз көші-қон ұйымдастырған тұрғынның үйінен 30 шетелдік азамат анықталды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Polisia.kz мәліметінше, Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш ауданының аумағында заңсыз көші-қон ұйымдастырумен айналысқан адамның қылмыстық әрекеттерін тоқтатты.

Бұл бойынша полиция департаментінде өткен брифингте облыстық ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов айтып берді.
 

Жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар барысында полицейлер Өзбекстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік шекара арқылы заңсыз кіру және шығу үшін сыйақыға қызмет көрсеткен жергілікті тұрғынды анықтадық. Жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде жедел уәкілдер Сарыағаш ауданының тұрғынын, шекарадан кедергісіз өту бойынша қызмет көрсеткені үшін 130 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алған сәтінде ұсталды. Тінту кезінде күдіктіден 2,5 миллион теңгеге жуық ақша, 2 телефон мен құжаттар тәркіленді. Сонымен қатар полицейлер тұрғынның жаздық үйін тексеру кезінде елде болу мерзімін бұзып жүрген Өзбекстанның 30 азаматын анықтады. Оларға ұсталған ер адам Өзбекстанға кедергісіз шығуға кепілдік берген. Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауда. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр, – деді Құрманбек Сахов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары