$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттау процесі өзгереді

Ол мемлекет басшысының тапсырмасы қалай орындалып жатқанын да түсіндірді.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Елімізде мұғалімдерді аттестаттау процесі өзгереді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Педагогтарды аттестаттау процесі өзгереді. Аталған жүйені автоматтандыру үшін ұлттық платформа әзірленуде. Бұл объективтілік пен ашықтықты айтарлықтай арттырады. 2024 жылдың қаңтарында Платформа Шығыс, Батыс, Солтүстік және Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске қосылады, – деді Ғани Бейсембаев.

Ол мемлекет басшысының тапсырмасы қалай орындалып жатқанын да түсіндірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына әрдайым қолдау көрсетіп, оның дамуына серпін беретін нақты міндеттерді жүктеп отыр. Осы міндеттерді сапалы атқару мақсатында Оқу-ағарту министрлігі: балалардың білім беру қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті күшейту, білім беру инфрақұрылымын дамыту, қауіпсіз орта қалыптастыру бағыттарында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр, – деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары