Абай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
3 қарашада Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с дейін жетеді.
Абай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жел күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа ауыстырып, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ болады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде күші 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының оңтүстігінде түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.