$ 494.87  520.65  4.91

Біртанов мемлекетке 1 миллиардтан астам шығын келтірген

Сот орындаушылары ай сайын 100 мың тг өндіріп отыр. 

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Экс-министр Елжан Біртанов мемлекетке 1 млрд 300 млн теңге қайтаруы керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  Информбюро жаңалықтарына сілтеме жасап

Сот орындаушылары бұрынғы денсаулық сақтау министрінен ай сайын 100 мың теңге өндіріп отыр.

Былтыр лауазымын асыра пайдаланғаны үшін Елжан Біртанов бес жылға, оның орынбасары болған Олжас Әбішев төрт жылға бас бостандығынан шектеу жазасын алды. 

Сондай-ақ олар 1 миллиард 300 миллион теңгені мемлекет пайдасына төлеуді міндеттелді. Бұл қомақты соманы екіге бөлсе, әрқайсысы 675 миллион теңгеден төлеуі тиіс.

Әділет министрлігінің мәліметінше, пробациялық бақылауға алынған экс-шенеуніктер жекеменшік компанияларға жұмысқа орналасқан. Осы күнге дейін Елжан Біртанов 945 мың теңгесін өтесе, Олжас Әбішев 260 мың теңгеге жетпейтін ақша төлеген. Себебі ол айына 43 мың теңгеден төлеп отыр. Демек Олжас Әбішевтің шығынды толық төлеуіне 1300 жыл уақыт керек.

Десе де жауапты ведомство өкілдері екі азаматтың барлық шоттары және мүліктері бұғатталғанын мәлімдеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары