Мажарстанның ұлттық ақыны Шандор Петёфидің есімі берілді.
Астанада мажар ақыны атындағы жаңа көше ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанның Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында елордамыздың орталық көшесіне Мажарстанның атақты ұлттық ақыны Шандор Петёфидің есімі берілді.
Көшенің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Мажарстанның Сыртқы істер және сауда министрі Петер Сийярто қатысты.
Көшеге Мажарстан ақынының есімін беру туралы шешімді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Елорданың Есіл ауданындағы көшенің атауы өзгергенге дейін Е-108 сандық атауы болған.
2014 жылдың маусым айында Мажарстан астанасы Будапешт қаласында «Астана» көшесі ашылып, Абай Құнанбаевтың бюсті орнатылды.