03.11.2023, 15:00

ТМҰ-ның 10-ші Саммитінде 8 мәселеге басымдық беріледі

Фото: дереккөз

Ғылыми әріптeстік арқылы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайту аса маңызды.

 

 Қазақстан ұйымға төраға ретінде өзара іс - қимылды жандандыруға баса мән береді. Түркі бірлігін таныту үшін біздің төрағалығымыз  Түркі Дәуірі!, яғни TURKTIME! ұранымен өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

1. Осыған орай, салт-дәстүр (Traditions), біріздендіру (Unification), реформалар (Reforms), ғылым (Knowledge), сенім (Trust), инвестиция (Investments), медиация (Mediation) және энергия (Energy) атты сегіз мәселеге басымдық беріледі.  

2. Медиацияның рөлін арттыру – өзекті мәселе. 

Солтүстікте Ресей мен Украина, Таяу Шығыста Израиль мен Палестина арасында қақтығыс болып жатыр.

Бүгінде Газа Секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе, балалар және қарттар жанжал азабын шегуде.

Осы орайда, Палестина халқына 1 (бір) миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдады.

 

3. Біздің тарихымыз, мәдениетіміз, тіліміз және діліміз-ортақ.

Осыған байланысты Түркі мемлекеттері ұйымының, оның құрылымдарының туларын және эмблемаларын бір үлгіге келтірген жөн.  

 

4. Түркі мемлекеттерінің қатар дамуы өте маңызды.

Біз мемлекеттеріміздің стандарттары мен терминологиясын жүйелеген жөн деп санаймыз.

Осыған байланысты, модельдік заң жобасын қысқа мерзім ішінде қарастырып, оны мақұлдауға шақырамыз.

Бұл бастама тауарларымызды ортақ нарыққа еркін шығаруға жол ашады.

 

5. Түркі мемлекеттері ұйымының Референттік орталығын құрған жөн деп санаймыз.

Бұл орталық өнімді сынау нәтижелерін өзара тануға, сондай-ақ химия және тамақ өнеркәсібі салаларында жаңа зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді.

 

6. Ғылыми әріптeстік арқылы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайту аса маңызды.

Осы орайда, елдерімізде әлемдегі үздік университеттердің филиалын ашуды ұсынады.  Бірлескен ғылыми шаралар өткізіп, тәжірибе алмасу керек.