$ 495.2  522.34  4.94

Астанада жаңа маршрут іске қосылады

 №66 бағдар қолданыстағы №№ 14, 35, 36, 45, 50, 56 бағдарларының жүктемесін азайтады.

Фото: avtobusnyi_park_01
Фото: avtobusnyi_park_01

4 қарашадан бастап жаңа автобустарды жеткізу аясында «Үркер» тұрғын алабы – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы қатынасымен жаңа №66 бағыт іске қосылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, бағыт Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы жүреді. Осылайша елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын жақсартады.

Сондай-ақ, Үркер ТА мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Ж.Нәжімеденов, Керей-Жәнібек хандар, Қ.Мұхамедханов көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді, сондай-ақ Үркер тұрғын алабы ішіндегі қоғамдық көлікпен қамтуды арттырады.

Ал №66 бағдар қолданыстағы №№ 14, 35, 36, 45, 50, 56 бағдарларының жүктемесін азайтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары