$ 495.2  522.34  4.94

Астанада бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпиондары анықталды

23 қазан мен 2 қараша күндері аралығында жүлдеге таласқан 23 мемлекеттің ішінен 12 елдің спортшылары жүлдегерлердің қатарына енді.

 

 

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Бокстан Астана қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы финалдық күні өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

 Елорда әкімдігінің мәліметінше, жасөспірімдер санатындағы 26 келі салмақта (13 ұл, 13 қыз) жеңімпаздар белгілі болды.

23 қазан мен 2 қараша күндері аралығында жүлдеге таласқан 23 мемлекеттің ішінен 12 елдің спортшылары жүлдегерлердің қатарына енді.

Жалпы жүлде кестесіндегі ТОП-3 ел:

Үндістан — 10 алтын, 4 күміс, 7 қола

Қазақстан — 6 алтын, 8 күміс, 7 қола

Өзбекстан — 4 алтын, 7 күміс, 11 қола.

Қазақстан сапынан қыздар арасында Аяжан Сыдық (54 келі), Толғанай Қасымхан (60 келі), Алина Құдайгенова (63 келі) топ жарса, ұлдар бәсекесінде Алдияр Баһадүр (48 келі), Жандос Алпысбаев (75 келі), Бексұлтан Қайратұлы (+80 келі) чемпион атанды.

Азия біріншілігінің ең үздік боксшысы номинациясымен қыздардан Аяжан Сыдық (54 келі), ұлдардан Фужики Юга (Жапония) танылды.

Сегізінші мәрте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы ең көп 8 алтынды 2004 жылы Вьетнамда алған.

Турнирдің жүлдегерлері (1-орын — 1000$, 2-орын — 500$, 3-орын — 250$) ақшалай сыйақымен марапатталды.

Ертең жастар арасындағы финалдық жекпе-жектер өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары