$ 443.44  480.51  4.88

Қарағандыда тұрғын үйде өрт шығып, екі адам мерт болды

Өрт мұржаның дұрыс жұмыс істемеуінен болған.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қарашада сағат 06:52-де Луганская көшесінде өрт болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Екі пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде жалпы ауданы 80 шаршы метрде үйдің ағаш конструкциялары, үй заттары мен жиһаз өртенген.

Ведомствоның хабарлауынша, өрт шыққан жерде 1953 жылы туылған әйел адамның және 1980 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрт 08:06-да сөндірілді.

Өрт мұржаның дұрыс жұмыс істемеуінен болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары