Жергілікті билік қаза тапқандар саны артуы мүмкін дейді.
Бүгін Непалда магнитудасы 6,4 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Непал премьер-министрі Пушпа Камал Дахалдың кеңсесі елдің үш қауіпсіздік агенттігінің де зардап шеккендерді дереу құтқару және емдеу үшін жұмылғанын хабарлады.
Жергілікті билік таулы аймақтармен байланыс үзілгендіктен қаза тапқандар саны артуы мүмкін дейді.
Жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен Джаджаркот және Батыс Рукум округтері.
Таудан тас құлап, шалғай елді мекендерге апаратын көптеген жолды жауып тастаған.