$ 494.87  520.65  4.91

Смайылов: Визасыз режим екі елдің қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтереді

Аталған бастама 10 қарашадан бастап күшіне енеді.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Әлихан Смайылов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьерімен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Премьер-Министрдің пікірінше, қазіргі таңда енгізіліп жатқан визасыз режим екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды ынталандыруға, сауданы жеңілдетуге, өзара инвестицияларды ұлғайтуға және ҚР мен ҚХР арасындағы туризмді дамытуға айтарлықтай ықпал етеді.

Визасыз режимнің 10 қарашадан бастап күшіне енуі біздің қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге көтереді. Бұл әсіресе, алдағы “Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы” аясында өте өзекті. Менің ойымша, бұл шара азаматтарымыздың саяхатын қолжетімді етіп, біздің байланыстарымызды одан әрі нығайта түседі, — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр Қазақстан Үкіметі Қытаймен ынтымақтастықтың орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін айтты.

Осы орайда Сізді келесі жылы Қазақстанға ресми сапармен келіп қайтуға шақырамын. Бұл біздің елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайта түсетініне сенімдімін — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары