$ 443.44  480.51  4.88

Болат Назарбаев инфаркт алып, шұғыл ауруханаға жеткізілді

Қазіргі уақытта оның денсаулық жағдайы ауыр және тұрақсыз.

 

Фото: 365info.kz
Фото: 365info.kz

Экс-президенттің інісі Болат Назарбаев ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

365info.kz мәліметінше, Болат Назарбаев 3 қараша күні шұғыл түрде орталық қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген. Оған миокард инфарктінің қайталануы деген диагноз қойлыған. Қазіргі уақытта оның денсаулық жағдайы ауыр және тұрақсыз, бүйрек жеткіліксіздігі көрсеткіштерінің нашарлауы байқалады. 

Бұған дейін оған қант диабеті мен бүйрек жеткіліксіздігінің салдарынан асқынған көмей қатерлі ісігі деген диагноз қойылған. 

Айта кетейік, Болат Назарбаев ұзақ жылдар Алматы маңындағы  "Алтын Орда" базарының иесі  болды. Ал, жуырда сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев "Алтын Орда" базарындағы жаппай заңбұзушылықтар үшін Болат Назарбаев жауапқа тартылмайтынын айтқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары