$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде кейбір дәрілер 100 пайызға қымбаттайды

Енді отандық фармацевттер өндіріс көлемін азайтып, жұмыс орындарын да қысқартуына тура келеді дейді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Елімізде йод, корвалол, меновазин, бриллиант жасылы мен валериана сығындысы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осыған байланысты қазір тиын -тебен тұратын бұл препараттардың бағасы 30, тіпті 100 пайызға өседі дейді "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі.

25 миллилитр құтысы 100-200 теңге аралығында сатылатын йод, сол аралықта тұратын корвалол тамшылары енді екі есе қымбаттап шыға келуі мүмкін. Өйткені медициналық таза спирттің литріне салынатын акциз көлемі 600 теңге, спирт тұнбасына 2 жарым мың теңге.

Ал біздің нарықта Ресей мен Беларусьта өндірілген дәл осы дәрілер әлдеқайда арзанырақ. Өйткені бұл мемлекеттерде нақты осы препараттарға акциз салығы жоқ екен.

Сондықтан тұтынушы әлбетте бәсекелестер шығарған қолжетімдісін таңдайтынын айтады.

Енді отандық фармацевттер өндіріс көлемін азайтып, жұмыс орындарын да қысқартуына тура келеді дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары