$ 494.87  520.65  4.91

Министрлік қызылшаға қарсы қосымша екпе салу науқаны қажет екенін мәлімдеді

Ауруды ең көп жұқтырған адамдар Шымкент пен Алматыда анықталды.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен жиында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды.

Ағымдағы жағдай туралы ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова баяндады.

Оның мәлімдеуінше, бүгінде А гепатиті мен қызылша ауруының көбеюі алаңдаушылық туғызып отыр. Тиісті вакцина салдырмай дертке душар болғандар қатары көп. Мәселен, қызылша елдің барлық аймақтарында тіркелген.

Ауруды ең көп жұқтырғандар Шымкент пен Алматыда анықталды.

Осы ретте жергілікті атқарушы органдар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қызылшаға қарсы қосымша жаппай екпе салу науқанына дайындық шараларын қолға алған жөн, — деді А.Есмағамбетова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары