$ 444.14  477.05  4.85

Актриса Қаракөз Тілеубекова сүйіктісін неге әлі жолықтырмағанын айтты

Алдыма келіп отырсын деймін, - деп күлді Қаракөз Тілеубекова.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Актриса Қаракөз Тілеубекова "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келіп, неге әлі күнге сүйгенін жолықтырмағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Алматыда жоқ, жоқ. Астанада жоқ, жоқ. Қайтем енді? Енді шетелге кетем енді. Өз обалдарың өздеріңе. Шетелде жақсы алады дейді.

"Қаракөз шетелге тұрмысқа шықты" деп айтса да, енді не істеймін? Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан. Жігіттер қорқады дейді. Неге екенін білмеймін, қорқады. Жігіттер біреу арқылы "Қаракөз, сені ана бала...." дейді. Неге өзі келмейді? Алдыма келіп отырсын деймін. Қорқады. Күтем, жоқ", - деп күлді Қаракөз Тілеубекова.

Еске сала кетейік, осыған дейін апалы-сіңлілі Гүлбаушан және Қаракөз Тілеубекова қазір қайда жүргенін айтқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары