$ 494.87  520.65  4.91

Мұхит Амантаев: «Жастардың көбі тәрбиені телефон арқылы алып жатыр»

Қазіргі жастар меніңше, әлсіздеу сияқты, деді ол.

Фото: сұхбаттан скрин
Фото: сұхбаттан скрин

Спорт жаттықтырушысы Мұхит Амантаев Qasqa jol youtube арнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында ол жастар тәрбиесі мен болашағы туралы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Қиын кездер мықты адамды тудырады, жақсы кездер әлсіз адамдарды тудырады" дейді ғой. Қазір балаларға бәрі бар, тіпті жейтін тамағыңды да үйіңе дейін әкеліп береді. Үй тазалау керек болса, жинау керек болса, бәрі қолжетімді. Соның арқасында қазіргі жастар әлсіз деп ойлаймын.

Жастардың көбі тәрбиені телефон арқылы, әлеуметтік желілер арқылы алып жатыр. Батысқа қарайды, басқа ұлтқа қарайды. Өзіміздің қазақтың салт-дәстүрін ұмытып жатыр. Сондықтан, қазіргі жастар меніңше, әлсіздеу сияқты. Бірақ, мұның да түбі бір жақсылық болады деп ойлаймын. 

Бірақ, олардың бір ерекшелігі олар өте білімді. Сол білімді жастармен жақсы болашақ болады деп ойлаймын, деді Мұхит Амантаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары