Келісім аясында бірнеше шаралар іске асырылады.
Қазақстан Катармен әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Үкімет пен Катар мемлекетінің үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын, – делінген үкімет қаулысының жобасында.
2022 жылы 12-13 қазанда Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы құжатқа негіз болған.
Келісім аясында бірнеше шаралар іске асырылады.
Әскери білім беру және әскери қызметшілерді даярлау;
Әскери медицина;
Әскери ғылым;
Әскери саладағы мәдени және спорттық іс-шаралар;
Бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға байланысты мәселелер бойынша консультациялар;
Жауынгерлік даярлық;
Тараптар өзара келіскен ынтымақтастықтың өзге де салалары.