$ 444.14  477.05  4.85

Америкаға кеткендердің барлығы Геннадий сияқты боламыз деп армандағандар - Мұхит Амантаев

Кәсіпқой боксқа жол ашып берген нағыз жұлдыз.

Спортты насихаттаушы, әлеуметтік желіде жалынды сөздерімен бүлдіршіндерді қанаттандырып жүрген жаттықтыруш Мұхит Амантаев қазақ боксы туралы пікір білдірді. Оның айтуынша қазақ жігіттері өзбек жігіттерінен әлдекайда мықты. Бұл туралы ол «Qasqa Jol» ютуб-каналына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Көптің көкейінде әлі күнге дейін тесіп жүрген бір сұрақ бар. Ол Азия ойындарында ел құрамасы неліктен Өзбекстан құрамасына есе жіберді? Өзбек жігіттері жарыстан орала сала дайындықты бастаса, біздің жігіттер тұсаукесер мен той аралап кетті. Осы қаншалықты дұрыс деген сұраққа жаттықтырушы төмендегідей жауап берді. 

Біздің боксшылар мүлде демалмайды. Темірдей тәртіп бар. Қазір бүкіл әлем даму үстінде. Өзбекстан да дамып жатыр. Қытай, Иран, Тәжікстан деген елдер бокстан әлсіз еді. Қазір олар медаль алып жүр. Біздің бокс өзбек боксынан әлдеқайда мықты. Тазалық жағынан олардан оқ бойы озық тұрмыз. Бізде бұрмалау жоқ. Өзбектерде ол бар. Біздің жігіттерді осал деуге келмейді.  Олар 360 күн дайындықта. Бала жеңіп келсе, кішкене демалу керек. Ол орынды. Боксшының миы тынығуы керек. Ол шаршап жүрсе ұзаққа шаппайды. Мен оны дұрыс емес деп санамаймын.

Ал Азия ойындарындағы төмен нәтиженің себебі әділдіктің болмауында екен. 

Біздің боксшылар қарсыластармен емес, төрешілермен жұдырықтасқандай болды. Аслан Шымбергенов, Махмұд Сабырхан, Сәкен Бибосынов бұл үшеуі жеңілген жоқ. Үш баланың жекпе-жегін алып қойды. Жоқ дегенде екеуі алтын алуы керек еді. Сәті түспеді. Аққа Құдай жақ демекші, Париждегі додадан міндетті түрде алтынмен қайтамыз деген ойдамын. 

Бұдан бөлек, Мұхит Амантаев өзінің рингке Геннадий Головкиннан ертерек шыққанына өкінеді екен.

Геннадий жарқын жеңістерімен біраз баланың арманына қанат бітірді. Екеуміздің бокстағы карьерамыздың уақыты сәйкес келгенде мен де Америкаға кетіп қалар ма едім? Кәсіпқой боксқа жол ашып берген нағыз жұлдыз. Америкаға кеткендердің барлығы Геннадий сияқты боламыз деп армандағандар.  Бүгінде елімізден шыққан талай боксшы шетелде шынығып жүр. Оған Головкиннің қосқан үлесі көп. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары