$ 443.44  480.51  4.88

СҚО-да жол апатынан жеті адам зардап шекті

Toyota Camry және Daewoo Nexia көліктері соқтығысқан. 

Фото: СҚО полиция департаменті баспасөз қызметі
Фото: СҚО полиция департаменті баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысы Новокаменка елді мекенінің маңында жол апаты болып, жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол апаты Қызылжар ауданы Новокаменка елді мекенінің маңында кеше, 4 қарашада шамамен сағат 14.00-де болған. 

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жезқазған – Петропавл республикалық маңызы бар автожолда Toyota Camry және Daewoo Nexia көліктері соқтығысқан. 

Салдарынан көлікте болған жеті адам зардап шекті. Оқиға орнына барған жедел жәрдем қызметі бригадалары оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін үйлеріне жіберді. 

Көлік жүргізушілері медициналық куәлендіруден өткізілді, екеуі де ішімдік ішпеген, олардың көлігі арнайы автотұраққа қойылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары