$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы Димаш Құдайбергенге ерекше сый жасады

Тазы – біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған «Жеті қазынаның» бірі.

Фото: kudaibergenov.dimash инстаграм парақшасынан
Фото: kudaibergenov.dimash инстаграм парақшасынан

Президент әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенге тазы күшік сыйлады. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Достар, танысып қойыңыздар, бұл - менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. Тазы – біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған «Жеті қазынаның» бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады, - деп жазды Димаш Құдайберген.

Әнші жаңа досына ерекше ат қойғанын атап өтті.

Себебі бұл қазақы тұқым тән сұлулығымен, ұстамдылығымен ерекшеленеді және менің байқауымша, өте ақылды келеді.
Ата-бабамыз тазыны қастерлеп, жақсы көрген. Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді. «Тазы» атауы парсы тілінен енген, мағынасы - «шапшаң», «епті». Осындай баға жетпес сыйлық үшін Президентімізге алғыс айтамын! Тазының атын “Ғарышкер” деп атадық, - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары