Қарсы жолаққа 18 және 19 жастағы жүргізушілер шыққан.
Шымкентте кортеж қатысушылары жол ережесін өрескелбұзғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қала көшелерінің бірінде болған «форсаж қойылымын» ПД жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары түсіріп алған.
Автожолдағы жастардың қауіпті көңіл көтеруін ЖБО инспекторларының нұсқауымен келген патрульдік полицейлер тоқтатты. Қарсы жолаққа шыққаны үшін 18 және 19 жастағы үш жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Олар 6 айға көлік басқару құқығынан айырылды.